Ел тынысы

Елордалық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

Азиядағы алғашқы жартылай марафонда елордалық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алматы қаласында жетінші рет ұйымдастырылған жартылай марафон өз мәресіне жетті.

Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіруден әлем чемпионаты (Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024) ұйымдастырылды. Оған 8 елдің спортшылары, яғни Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, Швеция және Қазақстан елдері қатысты.

Қазақстан атынан алты спортшы өнер көрсетті. Оның бесеуі – Астана қаласының спортшылары. Атап айтқанда, Әмір Алпамыс, Дастан Ордабай, Ерсайын Хасенов, Алдияр Асқаров және Азамат Әшірбай.

8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгірді.

Айтулы әлем чемпионатында Астана қаласының екі спортшысы 10 шақырымды бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Дәлірек айтсақ, ii3 санатында өнер көрсеткен Дастан Ордабай 47 минут 41 секунд ішінде жүгіріп өтіп алтыннан алқа тақты. Ал Азамат Әшірбай 51 минут 48 секундта жүгіріп, күміс жүлдегер атанды.

Іс-шара «Бірінші болу батылдық» қоры мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button