ДенсаулықЖаңалықтар

Ем де, жылы сөз де керек



erm_9342-asli

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің халық алдында есеп беру кездесуінде әртүрлі шағымдар айтылғаны көпшілікке белгілі. Мысалы, елорда тұрғыны №2 қалалық аурухананың дәрігерлері дұрыс қызмет көрсетпейтіндігі туралы мәселе көтерген болатын. Ал аурухана басшылығы өздерінің жүйелі жұмыс жасап жатқандықтарын, алайда кей кездері «әттеген-ай» дейтін сәттер болатынын жасырмайды.

Қалалық №2 аурухана 2009 жылы ашылған бола­тын. 360 орынға арналған көп салалы стационардың 205-і – хирургиялық, ал 155-і терапев­­­тік сала бойынша қызмет көрсетеді. Стационардың негізгі мақсаты – кешенді мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Аурухананың құрылымында 28 емдеу-диагностикалық бө­­­лім­дер жасақталған.Атап айтқанда, мұнда тера­певтік, кардиологиялық, рев­матологиялық, невроло­гиялық ауруға шалдыққан адамдар жатқызылады.
Көз микрохирургиясы бөлім­шесінің офтальмолог-дәрігері Нурсаид Ясызовтың айтуынша, ауруханада емделу­шілерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Себебі ол нау­қастарға көмек көрсетуге ауруханада барлық жағдай жасалған деген пікірде.
– Біздің ауруханада жоспарлы түрде барлық қызмет түрі көрсетіліп жатыр. Ал халық арасында айтылып жатқан сыни пікірлер әрқашанда болады. Өйткені қанша адам болса, сонша пікір болатыны көпшілікке мәлім. Бірақ біз бүгінге дейін өз ісімізге беріліп, барынша халыққа қызмет көрсетіп жатырмыз. Сондықтан да науқастар тарапынан біздің бөлімшеге арыз-шағымдар айтылған емес, – дейді офтальмолог-дәрігер.
Әрине, дәрігерлердің өз жұмысына шаң жуытпай, ақта­луы – көп­шілікке түсінікті дүние. Алайда осы ауруханадан ем алып жатқан азаматтар қандай пікірде? Мәселен, дәрігерлердің шеберлігіне жуырда көзіне ота жасатқан Жақсылық Әбденов дән риза болып отыр. Себебі ол күрделі отаны дәрігерлердің шеберлігінің арқасында оп-оңай еңсеріп шыққанын айтады.
– Адам болғаннан кейін басымыз ауырып, балтырымыз сыздамай тұрмайды ғой. Жақында №2 қалалық ауруханасында жатып, арнайы ем алып шықтым. Нақтырақ айтсам, аталған аурухананың офтальмология бөлімінің дәрігерлері көзіме ота жасады. Дәрігерлердің өз ісіне берілген аса білікті маман болып шыққанына қатты риза болдым. Себебі көз емдеп, оған ота жасау – екінің бірінің қолынан келе бермейтін күрделі жұмыс. Маған ота жасаған Нурсаид Абдуллаұлы өз ісінің нағыз маманы болып шықты, – дейді Жақсылық Әбденов.
Сондай-ақ, ол дәрігердің ем-домынан бөлек, олардың жылы сөзі адамға күш-қуат беретінін айтады. Ал аталған ауру­хананың дәрігерлері жан­ға жылу сыйлау арқылы емделушілерге ерекше қызмет көрсетіп отыр.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button