Шахар шаруашылығы

Энергетиктер жарысы өтеді



Елорданың электр энергетикасы саласы қызметкерлері арасында шахматтан «EnergyChes-2021» онлайн-жарыс өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, энергетикалық кәсіпорындардың қарым-қатынасын нығайту, мамандықтың оң келбетін қалыптастыру мақсатын көздейді.

[smartslider3 slider=991]

Жарыс liches.org сайтында (27.11.2021, 04.12.2021, 11.12.2021) үш кезең арқылы қашықтан өткізіледі. Қатысушылар сайтта өзінің электронды поштасы арқылы тіркелуі және EnergyChess шахматтық топ­қа қосылуы қажет. Барлық кезеңдер 14:00-де басталады. Қатысушылар санына байланысты әр кезеңде турлар саны анықталады. Жарыс жеке болып саналады. Жарысқа шахматтың жүрістері мен ережелерін білетін, интернетке шығатын компьютер, планшет/смартфонға қолжетімді, электр энергетикасы саласының қызметкерлері рұқсат алады. Жарыс ФИДЕ ережелері бойынша өтеді. Жарыс Zoom қосымшасында дыбыстық және бейнесілтемелерін қолдану арқылы онлайн форматта өтеді. Әр қатысушы фронталды веб-камерасын қолдану, сонымен қатар компьютер мониторы мен қатысушының өзі көрініп тұру қажет. Ойыншы төрешінің талаптарына қарай камераны ашуға міндетті. Интернет байланысы үзілген жағдайда қатысушыға техникалық жеңіліс беріледі. Өтініштерді energychess@mail.ru электронды поштасына жіберу керек. Алдау бағдарламаларын қолданған немесе сырттан көмек алған қатысушы жарыстан шектетіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жинаған ұпай сандарына байланысты анықталады. Ұпай сандары тең болған жағдайда жеңімпаз қосымша көрсеткіштермен анықталады, оны ойын алаңы автоматты түрде есептейді. 3 кезең нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшысының қолтаңбасы бар мадақтамамен марапатталады (ер адамдар мен әйел кісілер бөлек). Анықтама үшін WhatsАpp: +7 777 462 05 81.

Наиля АБДУХАЛИКОВА


Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button