Жаңалықтар

Brain games – зерделі жастар ойыны

Тәуелсiздiктiң 30 жылдығына орайластырылған Brain games интеллектуалды ойындар жобасы Нұр-Сұлтан қаласы әкiмдiгi «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қолдауымен биыл наурыз айында бастау алған болатын.

[smartslider3 slider=1148]

Кеше қала жастары қызығып қатысқан интеллектуалды ойындардың қорытындысы шықты. Жастардың жүйелі және стратегиялық ойлауын дамытуға бағытталған Brain games аясында киберспорт, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша турнир өтті. Бұл жарыстарға 14-29 жас аралығындағы балалар мен жастар қатысты. Шахмат пен тоғызқұмалақтан өткен жарысқа жүзден астам адам қатысса, DOTA2 және Rainbow Six Siege киберспорт турнирінде қырыққа жуық команда жүлдеге таласты.

Жаз айларында интеллектуалды ойындарға қатысқан жүздеген балалар мен жастардың арасынан үздік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Нұр-Сұлтан қаласы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының өкілдері мен «Астана жастары» мемлекеттік мекемесінің өкілдері дипломдар мен медальдар, сондай-ақ сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ бірнеше қатысушыларға ынталандыру жүлделері берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button