Денсаулық

Туберкулезден қалай сақтанамыз?

Туберкулез – туберкулез таяқшасынан болатын (Кох бацилласымен) жұқпалы ауру. Туберкулез көбіне тыныс алу жолдарын зақымдайды, бірақ өкпеден тыс түрлері де кездеседі. Олар: тері, лимфа түйіндері, сүйек, бүйрек, көз, кеуде қуысы мүшелері, орталық нерв жүйсі және тағы басқа мүшелердің туберкулезі. Туберкулезді ауру адамнан ауа-тамшы жолы арқылы (сөйлесу, түшкіру, жөтелу); туберкулез қоздырғышы бар түкірік пен сілекеймен ластанған заттармен қатынасу кезінде жұқтыруға болады, себебі Кох бацилласы сыртқы ортада белсенлілігін ұзақ уақытқа дейін сақтай алады.

Сұйық қақырықта туберкулез таяқшасы кептірілген күйде болса да, әртүрлі заттарда, киімдерде, кітаптарда 5-6 айға дейін сақталады. Әр жыл сайын 24 наурыз күні Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні атап өтіледі. Туберкулез мәселесі осы ауқытқа дейін елімізде өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Дерт көзін айтарлықтай төмендетуге ықпал ететін ең маңызды шара ол, әрине жаңа туған нәрестелерге БЦЖ екпесін салудан басталады. Ол туберкулездың белсенді спецификалық профилактикасына жатады.  БЦЖ екпесі бүгінгі таңда ДДҰ рекомендациясы бойынша 173 мемлекетке ұсынылған бірден бір екпе болып табылады. Ол Қазақстанда міндетті ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген. Перзентханада нәрестелерге туғаннан кейін 1-2 күні қарсы көрсеткіштер болмаса БЦЖ екпесі егіледі. Ал ревакцинация 6 жаста жасалынады. Вакцинаны 1919 жылы микробиолог А.Кальмет пен ветеренар дәрігер К.Гуерин жасаған. БЦЖ вакцинасы алғаш рет жаңа туған нәрестеге 1921 жылы енгізілді. Ол тірі, адамдар үшін өзінің вируленттілігін іс жүзінде жойылған туберкулез микобактериясының, әлсіреген штаммы болып табылады. БЦЖ вакцинасы ауруды азайтуға айтарлықтай әсер етеді және балаларда туберкулездің ауыр жалпыланған түрлерінің дамуын болдырмайды. Қазақстанда екпемен иммундау – балалар арасындағы жұқпалы аурулардың деңгейін төмендететін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады, бұл көптеген жылдардың тәжірибесімен дәләлденген және халықтың эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының деңгейінде тұр.

Құрметті ата-аналар! Әрбір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар!

Рузанна Жанболатқызы, №12 Қалалық емхана СӨС дәрігері 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button