Денсаулық

Өкпе хирургиясы бөлімшесінің өзекті қызметі

Астанадағы қалалық фтизиопульмонология орталығында 1966 жылдан бері өкпе хирургия бөлімшесі пациенттерге қызмет көрсетіп келеді. Бөлімшенің басты міндетіне торакальді қызмет көрсету жатады.

Аталған орталықтың А ғимаратының 4-қабатында орналасқан бөлімшеде плевраға пункция жасау, париетальды плевраның биопсиясы бар торакоскопия, сегменттік резекциялар, торакоскопиялық сегменттік резекциялар, біріктірілген резекциялар, ЭКВ, лобэктомия, торакопластика, Богуш, Бьёрк әдістері бойынша оталар, фрагментационды, селективті торакопластика, өкпе мен плевраның ашық биопсиясы, булла тігу; кавернопластика сияқты басқа да сан алуан ота түрлері жасалады. Аталуы қиын әрі түсініксіз, бірақ адам денсаулығы үшін өте маңызды ағза – өкпемен байланысты жасалатын ота жұмысын білікті дәрігерлер атқарады.

Бөлімше меңгерушісі Қаржаубай Әскеровтің қарамағында 3 хирург, 11 медбике, 11 палата тазалықшысы еңбек етеді. Олар айына 15-20 ота жасап, орталықтың бөлімшесінде жатып емделетін науқастардың одан әрі күтімі мен бабына да жауапты болады.

– Былтыр бөлімшеде кеуде қуысына 234 ота жасалды. Бұл – ота түрлерінің ішінде ең көбі. Қандай ауыр түрі болмасын оталарды ойдағыдай жасауға мамандардың білімі мен тәжірибесі жетеді. Өзімнің бұл салада жүргеніме 28 жылдан асты. Ал хирург мамандарының еңбек өтілі 8-13 жылды құрайды. Бәрі де – жоғары және бірінші санаттағы маман дәрігерлер. Бөлімшеміз заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілген. Мамандар да жеткілікті, олар үнемі біліктілігін артырып отырады, – дейді бөлімше меңгерушісі.

Орталықтың хирургия бөлімшесіне тек елордалық ғана емес, өзге өңірлерден де науқастар келіп, ота жасатады. Мәселен, көбіне Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары, сонымен қатар Қазақстанның басқа да өңірлерінен келіп жатады.

Бөлімшеде 18 жастан жоғары науқастарға қызмет көрсетіледі. Жалпы бөлімшенің басты ерекшелігі – өкпедегі барлық өзгерістерге қатыс­ты оталарды жасау, яғни жоғарыда айтылғандай, бірнеше түрлі оталарды жасау сонымен қатар операциялық материалды бірден бактериологиялық, гистологиялық тексерулерге жіберіп, диагнозды аз уақыт ішінде анықтау және емді дер кезінде бастауға қол жеткізу. Бұл тек өкпе хирургия бөлімінің жұмысы, орталықта одан бөлек, өкпеден тыс хирургиялық бөлімше де бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button