Ел тынысы

Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толды

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда.
Сондай-ақ, өзге өңірлерге шолу жасар болсақ:
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 3,6 метр. Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі- 1270 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 81%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 63%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау іс-шараларына су жіберу жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 86%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы да штаттық режимде жұмыс істейді.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
ШҚО мен БҚО-дан басқа барлық өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button