Ел тынысы

Есіл ауданында «Киелі мекен» апталығына 9500 адам жұмылдырылды

Елордада «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоайлығы өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Соның ішінде «Киелі мекен» апталығы аясында Есіл ауданы бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. «Самрұқ Қазына» АҚ, «Sheraton Astana Hotel», «The Ritz-Calrton, Astana» қонақүйлері, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы, қалалық маслихат депуттары және «Жастар рухы» Жастар қанаты өкілдері Есіл ауданы әкімшілігімен бірлесіп, аудан аумағына көктемгі сенбілік өткізді. Одан бөлек, өз аулаларын және қарасты аумақтарын тазартуға қала тұрғындары мен шағын және орта бизнес өкілдері де белсене атсалысты. Іс-шараға барлығы 9500 адам жұмылдырылды.

Жалпы, «Киелі мекен» апталығы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жеті күндік аясында саябақтар, көгалдар, ескерткігтер маңы мен мәдени орындарды көктемгі тазарту көзделген.

Еске саламыз, бүгін республикалық «Таза Қазақстан» айлығының екінші аптасы мәресіне жетті. Келесісі «Жасыл аймақ» экоапталығы. Оның мақсаты — өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға және сақтауға баулу, сондай-ақ көшет отырғызып, талдардың түбін ағартып, айналаға күтім жасауды көздейді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button