Ең тұрақты 20 мемлекеттің қатарындамыз
KPMG саяси тұрақты елдердің индексін жариялады. Тізімнің басында Сингапур, соңында Ауғанстан тұр. Мұнда Қазақстан АҚШ, Ұлыбритания және басқа дамыған мемлекеттердің қатарында 20-орынға тұрақтапты.
KPMG бұл талдауын екінші рет өткізіп отыр. Өткен жылы тізімге 30 мемлекет еніп, еліміз бұдан гөрі жоғары дәрежеде көрінген болатын. Oxford Economicsмен бірге жүргізіліп отырған жаңа индекс нұсқасында елдердің өзгерістерге, тосын табиғи апаттарға қарсы тұрар және жаһандық технологияның төмендеу деңгейі, демография, ғаламдық бәсекелестік пен инвестиция ағыны сияқты ұзақ мерзімдік тенденцияларға шыдас беру мүмкіндік қабілеттері талданған.
Мемлекеттің өзгерістерге дайындық талдауы салыстырмалы 26 өзгерісті ортаны енгізді. Олардың қатарында бизнес-ортаны дамыту, мемлекеттік институттардың әрекеттігі, әлеуметтік әлеует пен адам капиталы бар. Аталған зерттеу әлемнің түрлі елдерінен 500-ден аса сарапшылардан алынған сұхбаттар негізінде, сондай-ақ, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Бүкіләлемдік банк, Economist Intelligence Unit, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНЕСКО сияқты 70 қайталама өзгерістерді зерделеу барысында мүмкін болды.
Бір айта кетерлігі, Қазақстан – ең тұрақты 20 ел қатарына енген ТМД-дағы жалғыз мемлекет. Мәселен, көршіміз Ресей 62-орында. Ал, барлық посткеңестік елдер ішінде ҚР тек Литвамен қатар тұр.
«Байлық пен жан басына шаққандағы жоғары табыс экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты көтеру үшін еш кедергі болып табылмайды» деп түсіндіреді KPMG International басшысы Тимоти Стайлс. – Бұл толқулар кезінде күшті институттар мен басқарулар тұрақтылықты қамтамасыз етуі және жаңа мүмкіндіктерге есік ашуы мүмкін табысы төмен мемлекеттер үшін үміттендіретін негіз».