Басты ақпаратЕлорда тынысы

Еңселі елорданы жырлады



Астана қаласының 25 жылдығы мен Байқоңыр ауданының 5 жылдығына орай «Еңсесі биік елорда, байрағы биік Байқоңыр» атауымен жас ақындар айтысы өтті. Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы мен Байқоңыр ауданы әкімдігі мұрындық болған жыр додасына барлығы 12 жас ақын қатысты.

Еңселі елорданың өткені мен бүгінін, елдік мәртебенің маңызы мен мәнін жырға қосқан ақындардың өнеріне Жазушылар одағының хатшысы, осы ұйымның Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, ғалым Серікзат Дүйсенғазин, Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов, тарихшы Тұрар Сәттарқызы, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Жібек Болтанова төрелік етті.

«Сөз барымтасына» түскен ақындардың барлығы да жүлдесіз қалмады. Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Нартай Тілеуқұл, бірінші орынды Мұхтар Қонарбаев иеленді. Екінші орынды Айым Асылбекқызы мен Нәрия Ақбабақызы, ал үшінші орынды Абзал Мақаш пен Дәурен Ысқақ бөлісті. Алты ақынға ынталандыру сыйлықтары берілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button