SportЖаңалықтар
ЕРТЕҢ – ВЕЛОШЕРУ
Конституция күніне орай ертең Астанада бұқаралық велошеру өтеді. Салтанат сарайы алдындағы алаңнан басталатын веложорық «Астана Арена» стадионы алдында мәресіне жетеді.
Велошеруге Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов, қазақстандық Олимпиада чемпиондары мен «Тур де Франс-2014» көп күндік велобәйгесінің жеңімпазы «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали бастаған велошабандоздар қатысады.
Велошеру сағат 09.00-де басталады.