Жаңалықтар

Ертеңімізге сенім мол



3

«Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалы қалалық №7 емханада Қазақстан халқы ассамблеясы жылына орай еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірлікті насихаттау мақсатында этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. 

Кездесуді бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Қуанышева ашып, басқосудың мақсат-мүдде­леріне тоқталды.
Бұдан кейін қалалық Корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Пак сөз алып, еліміздегі тыныштық пен татулық, ұлтаралық келісімнің салтанат құруы болашаққа сенімділікті молайта түсетінін айтып, корей мәдени бірлестігінің басқа этноорталықтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп келе жатқанын айтты.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалы саяси кеңесінің мү­шесі Бибігүл Ысқақова шараны ұйымдастырып отырған емхана ұжымына алғыс білдіре отырып, еліміздегі поляк халқының тұрмыс-тіршілігіне, өткен тарихына қысқаша шолу жасады. Айта кетсек, Бибігүл Қадырқызы Польша Рес­­публикасының ең­бек сіңірген қай­рат­ке­рі, бұл атақты ол қа­зақ-­
поляк қарым-қа­ты­­насына сіңірген еңбегі үшін кезінде Поль­ша президенті Лех Ка­чинскийдің өз қолынан алған. Бала кезінен еліміздегі по­ляк­­­тардың арасында өс­кен ол по­ляктардың мә­де­ние­тімен жете таныс.
Бүгінгі таңда жастар тәрбиесіне көңіл бөлу жайы қалай? Балабақша, мектеп, инс­титут қабырғасында болашақ өрендерге отансүй­гіштік рухын сіңіріп, олардың толыққанды білімді де мәде­ниетті, салиқалы азамат болып, еліне, халқына қызмет етуі­не жағдай жасалып отыр ма? Осы негізде атқарылып жатқан жұмыстар қандай? Басқосуға жиналғандар осы төңіректегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Жұма ҒАЗИЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button