Жаңалықтар

«Евровидение» жүлдегері



Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі-2020» байқауында 2-орын алуымен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. «Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі-2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!» делінген құттықтауда.
Қарақат гранд-финалда «Forever» әнін орындады. Аталған музыкалық композицияны ол бес жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнады.
«Бұл менің ғана емес, Қазақ елінің жеңісі деп ойлаймын. Қолдағандарыңыз үшін, дауыс бергендеріңіз үшін баршаңызға көп рақмет. Алда мені әлі де көп жетістіктер күтіп тұр деп ойлаймын» дейді талантты жас.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button