Басты ақпаратМәдениет

Ғимарат тарихымен танысты



Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен мұражайлар дирекциясына қарас­ты тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы Отырар көшесі, 1/2 мекенжайындағы тарихи ғимаратта отыр.

Аталмыш орталықтың зерттеу жұмыстары бөлімінің жетекшісі Мәншүк Исаева «Аstana Polytechnic» жоғары колледжінің «Туризм» бөлімінің 3-курс студенттерін ғимарат тарихымен таныстырды.

Қала орталығында, Абай мен Республика даңғылдарының қиылысында орналасқан бұл ғимарат ХХ ғасырдың басында Ақмоланың ең алғашқы мұсылман мектебі болып ашылды. Осында 1907 жылы медресе жанынан қырғыз-татар бастауыш мектебі өз қызметін бастаған. Онда 27 оқушы дәріс алған. Кейіннен мектеп 7 жылдық білім жүйе­сіне ауысты. Қыздар мен ұлдар бөлек оқыды. 1912-1916 жылдары бұл мектепте С.Сейфуллин дәріс берген. Республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына жататын ғимаратта бертінде Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының қойылым цехы орналасқан.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button