Басты ақпаратҚала мен Сала

«Шұбардың» проблемалары қалай шешіледі?

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Шұбар» ауданының тұрғындарымен кездесті. Аудан тұрғындары су құбыры, кәріз желілерін салу, газ құбырын тарту, шағын ауданды абаттандыру, бағдаршамдар орнату, қолжетімділік аясында әлеуметтік нысандар салу, заңсыз тамақтану орындарын реттеу және тағы басқа жүйелі мәселелерді көтерді.

«Шұбар» шағын ауданының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 4 мыңға жуық адам тұрады. Кездесу барысында шағын аудан тұрғындары тарапынан су құбыры, кәріз желілерін салу, газдандыру, шағын ауданды абаттандыру, бағдаршамдар орнату, қолжетімділік аясында әлеуметтік нысандар салу, заңсыз тамақтану орындары және тағы басқа мәселелер көтерілді. Су құбыры және тұрмыстық кәріз желілері бойынша жобалау жұмыстары жүріп жатыр, сараптамадан шыққаннан кейін желілердің құрылысы басталады. Газдандыру – ауқымды және үлкен жұмысты қажет ететін процесс. Қазір «Шұбар» шағын ауданы бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр. Биыл жеткізуші газ құбырының құрылысы басталады. Ал кварталішілік желілердің құрылысын келесі жылы бастаймыз, осының арқасында шағын аудан тұрғындары үйлеріне көгілдір отынды қоса алады. Осыған дейін Алматы мен Сарыарқа аудандарының тұрғындарына газға қосылу мүмкіндігі жасалған» деп түсіндірді мәселелерді қала басшысы.

Әкім аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты кездесулерін жалғастыратынын айтты. «Кездесулердің қорытындысы бойынша тиісті жұмыстарды орындау кестесін жасаймыз» деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Ж.Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button