Елорда тынысы

«Ауыл» мәслихатқа үміткерлер ұсынды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлері ресми тіркелді. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова саяси партия мүшелеріне кандидат куәлігін тапсырды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлау науқанына қатысуда тәжірибесі мол. Сайлау комиссиясына ұсынған тізімде 7 адам бар. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, бизнес, сервистік қызмет көрсету саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтарды көруге болады. Кандидаттардың ең жасы 24-те болса, үлкені – 58 жаста.

– Бұл партия саяси алаңда жаңа партия емес. Олардың қатарында экс-депутаттар да бар. Астана қаласы мәслихатына депутаттыққа түсуге 6 партия ұсынылды. 5-партия ретінде «Ауыл» тіркелді, – деді Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Айта кетейік, 18 ақпанда 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сол сәттен бастап тізімге енген азаматтар сайлауалды насихат жұмысын жүргізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button