Ел тынысы

Грант иегері елордада тұңғыш «Кітапашар» букинистік дүкенін ашты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жас дарындардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында тағайындаған болатын. Осы гранттың 2023 жылғы иегері Арайлым Қадыр Астанада тұңғыш және жалғыз «Кітапашар» букинистік дүкенін ашып, арманына қол жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

-Жоба аясында біз кітап оқуды насихаттаймыз, сондай-ақ жергілікті музыканттар, ақындар мен жазушылармен кездесулер өткізуді көздейміз. Оларға әр түрлі шығармашылық кештер өткізе алатын сахна ұсынғымыз келеді. Басты мақсатымыз – астаналықтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және Астана қаласында мәдени хаб жасау. Сонымен қатар дүкенімізде жергілікті суретшілердің туындыларын сатылымға қоюды ойластырып отырмыз. Адамдар мұнда қанша әкеп салады, сонша кітап алып кете алады, – дейді А. Қадыр.

Грант аясында 63 адам өз жобасын Қазақстанда ғана емес шетелде де түрлі салаларда табысты жүзеге асыруда. Олардың арасында Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге, IT саласындағы ғылыми зерттеулерді, стартаптар мен жобаларды, экономиканың негізгі секторларындағы креативті бизнес идеяларды іске асыруға бағытталған жоба иелері  бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button