Қала тіршілігіМәслихат

Халықтың мұң-мұқтажын тыңдады



Астана қалалық мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдауында халықтың мұң-мұқтажын жиі тыңдайды. Халық көбінесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мен ішкі аулалық аумақты абаттандыру, медициналық қызмет көрсету, жұмысқа тұру, балабақшаға балаларды орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек, тағы басқа мәселелермен депутаттың қабылдауына келеді.

Жуырда өткен сондай қабылдауға келген ІІ топтағы мүгедек Хамид Гареев «Қаржы академиясы» АҚ-тың колледжінде оқитын қызының оқуына төлеуге ақша жетпей жатқанын айтып, көмек сұрады.
Сонымен қатар «Мейірімділік-М» қайырымдылық ұйымы» қоғамдық қорының жетекшісі Айгүл Сейілова депутаттың қабылдауында болды. Аталмыш қор мүгедек балаларға жәрдем береді. Оның айтуынша, қорға қоғамдық жұмысқа жібе­рілетін адамдардың саны азайған. Бұған қоса, Сауран көшесіндегі кеңсені жөндеуде де мәселелер туындады.
Қабылдауына келген адамдарды мұқият тыңдаған Жанат Нұрпейі­сов олардың өтініштерін сәйкес қалалық органдарға жеткізетінін айтып, мүмкіндігінше шешуге тырысатынын жеткізді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button