Елорда тынысы

iKomek – ең қолайлы қызмет



Жыл басынан бері iKomek 109-ға 1,5 млн-нан астам өтініш келіп түсіп, оның 99 пайызы шешілген. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Астана қаласы әкімдігінің iKomek109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мекемесінің басшысы Асқар Тақсымов мәлімдеді.

Президент Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ел дамуындағы цифрландырудың маңызды рөлін атап өткен болатын. Осы ретте мекеме басшысы жобаларды цифрлық түрлендірудің көптеген артықшылығына тоқтала отырып, деректерді орталықтандырылған сақтау, яғни жобалар туралы ақпаратты жинау, мұрағаттау үшін бірыңғай платформа құру, олардың барысын үздіксіз бақылау әрбір жобаның ағымдағы күйін дәлірек бақылауға және ықтимал кідірістерге немесе мәселелерге уақытылы жауап беруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жалпы iKomek 109 – бүгінде тек бірыңғай байланыс орталығы ғана емес, сонымен қатар елордадағы көптеген қызметті ұсынатын толыққанды қалалық байланыс орталығы. Қазіргі кезде орталықта бірнеше департамент жұмыс істейді. Ол құрылған сәттен бастап 1800-ден астам мәселе бо­йынша қызмет көрсету функциялары кеңейіп, коммуналдық кәсіпорындардың, медициналық ұйымдардың және әкімдік басқармаларының барлық колл-­орталығы біріктірілді. Бұл орталық – қала тұрғындарымен бірыңғай байланыс нүктесі.

– Жыл басынан бері iKomek109-ға 1,5 млн-нан астам өтінім келіп түсіп, оның 99 пайызы шешілген. Барлық өтінімнің 81 пайызына қоңырау түскен сәттен-ақ кеңес берілген. Ал қалған өтінімдердің 19 пайызы оқиға ретінде тіркеледі. iKomek109-ға келіп түскен сұрақтардың бәрін қызметкерлеріміз бен әкімдік басқармалары барынша жедел шешеді. Сонымен қатар бізде мониторинг және жедел әрекет ету департаменті бар. iKomek109-ға шамамен 10 мың бейнекамера қосылған. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркедік. Соның негізінде 37 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деді Асқар Тақсымов.

Мекеме басшысының айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметінде бюрократияны жою және жобалық басқару құралдарын пайдалану жөніндегі Президент тапсырмаларын орындау мақсатында iKomek орталығы аясында Астана қаласы әкімдігінің жоба кеңсесі жұмыс істейді. Бұл ретте кеңсе қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жобалық қызметтің барлық қатысушысының тиімді өзара іс-қимылын және үйлестіруін қамтамасыз етеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button