Денсаулық

Індеттің екінші толқынына дайындық тексерілді



Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың бас болуымен медициналық мекемелердің қауіпті індеттің екінші толқынына дайындығы тексерілді. Қазір елордада ЖРВИ белгілері бар науқастарды бөлек қабылдайтын 60-тан аса сүзгі кабинет жұмыс істейді.

Індеттің өршуін алдын алу үшін қаланың барлық емханаларында фильтр кабинеттері жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бар пациенттерді анықтау және оқшаулау. Бұл кабинеттерде пациенттер ПТР-тестілеуден өтеді. Вирус анықталған жағдайда амбулаториялық бақылау және емдеу басталады. Басты мақсат – ауруды пневмония сияқты ауыр асқынуларға жеткізбеу.
Қарым-қатынасты азайту үшін пациент­терге үйлерінде қызмет көрсетіледі. Науқастардың есімдері базаға енгізіледі. Егер олардың біреуінде коронавирус анықталса, қалғандары байланысушы саналады. Үйлерінде ПТР-талдау жүргізілуі де мүмкін.
Қазір қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Стационарларда 87 пациент ем алуда. Ауру өршіген жағдайда қалалық денсаулық сақтау жүйесі 5600 төсек-орын бөліп, 434 ИВЛ-машинамен және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуге дайын.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button