Елорда тынысы

Инклюзивті театрға қолдау көрсетілді



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қордың арқасында Астананың өзінде 13 қайырымдылық жоба мен бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау саласында қымбат дәрі-дәрмектер сатып алынады, дәрігерлерді шетелдік емханаларда оқыту бойынша жобалар іске асырылуда. Астананың бірқатар тұрғыны инновациялық протездермен және экзоскелеттермен қамтамасыз етілген. «Қанаттылар» инклюзивті театрына қолдау көрсетілді» деді қала басшысы.

Әкім халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 363 студент Астанадағы жоғары оқу орындарының білім грантының иегері атанғанын айтты. Спорт саласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубтары ашылғаны мәлім.

«Кездесуде елордада жүзеге асыруға арналған бірқатар әлеуметтік, білім беру бастамасы ұсынылды. Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт және бочча федерациясымен бірлесіп, әкімдік алдағы жылдары Астанада салынатын оқушылар сарайларының базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған секциялар ұйым­дастыру туралы ұсынысты қолдады» деп жазды Жеңіс Қасымбек.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button