Жаңалықтар

Интернеттен ажыратылу қаупі жоқ



ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ­вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылғанда бұл жағдай ­Қазақстандағы интернетке қалай әсер ететінін айтты.

[smartslider3 slider=2373]

Вице-министр Қазақстанда интернет жүйесіне Ресейден бөлек түрлі түйісетін торабы бар екенін жеткізді. «Қазіргі кезде Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайды. Яғни еліміздің интернеттен толықтай ажырап қалу қаупі жоқ. Бұл жайында алаңдаудың реті жоқ десек болады» деді вице-министр. Сонымен қатар ол байланыс желісі де нашарламайтынын атап өтті.

«Қытаймен арадағы тораптар Еуропадан алып отырған трафикті дәл сол көлемде тартуға мүмкіндік береді» деді вице-министр.

Сондай-ақ Асхат Оразбек Қазақстанда 5G желісі қашан енгізілетінін айтты.

«5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізілді және қазір тестілеу жүріп жатыр. Осы жылдың соңында республикалық маңыздағы қалаларда, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосылады деп жоспарланған. 5G желісі 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында іске қосылатын болады. Ал ауылдарға 5G тартылмайды» деді ­вице-министр.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button