ӘлеуметЖаңалықтар

Кедергісіз орта қалыптасады



Қалада Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында 259 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысанның 157-сі мүгедектігі бар азаматтар ыңғайына бейімделді. Тағы 102 нысан иелері мониторингтік топтар берген ескертулер бойынша жұмыстар жүргізуде.

Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының 84-тармағында мүгедектерге қамқорлық жасауға басымдық берілген. Әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарды ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандустармен, бейім­делген лифтілермен, дәретханалармен жабдықтап, көзі көрмейтіндерге арналған бағыттаушы белгілер орнату көзделген.
Нұр-Сұлтанда «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде 22 мың әлеуметтік инфра­құрылым нысанын ерекше қажеттілігі бар азаматтардың ыңғайына бейімдеу жоспарланған. Биыл Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл ауданы әкімдерінің ­аппараттарымен 259 нысанды (денсаулық сақтау, білім беру нысандарын бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған, мәдениет, спорт, шағын және орта бизнес, мемлекеттік мекемелер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазпошта филиалдары, әуежай, вокзал) құжаттандыру бойынша арнайы топ құрылды.
Бүгінгі таңда 259 нысан құжаттандырылды. Нысандардың меншік иелеріне ҚНжЕ талаптарына сәйкес ескертулерді жою жөнінде ұсыныс хаттар жіберілді.
«Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталына құжаттандырылған және мүгедектердің жүріп-тұруына бейімделген нысандардың деректері енгізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен тұрмысы төмен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасады.
 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button