ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Ағашы көптің саясы көп

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ататүрік саябағында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ЕRG компаниясының елордалық кеңселері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері 350 көшет отырғызды. «Тұрақты даму» жер қорының жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан игі бастамасы аясында «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық шарасына Eurasian Resources Group компаниясы қолдау көрсетті.

[smartslider3 slider=598]

Игі бастама аясында ERG мамандары мен эковолонтерлер әлемнің 15 елінде тау-кен байытумен айналысатын, Қазақстанның қазба байлықтарының үштен бір бөлігін өндіріп отырған алпауыт компания жер жүзіндегі табиғи тепе-теңдікті сақтауға көңіл бөліп отыр. Қалдық көлемін азайтып, өндіріс зиянын шектеген ERG Президент ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу бастамасына үн қосып, осы уақыт аралығында 420 мың түп көшет өсіруді өз мойнына алған. Осы мақсатқа компания 1,5 млрд теңге қаржы жұмсамақ.
Президент бастамасы аясында «Жасыл ел» отрядтары 1 млн көшет отырғызуды жоспарлаған. Ататүрік саябағындағы шараға бастамашы болған «Тұрақты даму» жер қорының мамандары күз ағаш отырғызуға ең қолайлы мезгіл екенін айтады.
«Біздің жастар көшеттің қай түрін, қашан және қалай егу керек, түрлі ағашты баптап күтудің әдістері бо­йынша үлкен тәжірибе жинақтаған. Айталық, саябаққа жаңа отырғызылған мына бадам көшеттері Ресейдің Новосибирск қаласында өсіріліп, солтүстіктің суық белдеуіне жерсіндірілген. Жас көшеттердің ойдағыдай бой түзеп өсіп-өнуін Google компаниясының арнайы бағдарламасы арқылы бақылаймыз» дейді игі шараның бастамашысы Алан Бесен.

Ауғанбек Манарбекұлы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button