ДенсаулықЖаңалықтар

Балаларға қанша ота жасалды?

Еліміз бойынша балаларға 2021 жылдың 8 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен 2,4 млрд теңге сомасына 582 жоғары технологиялық ота жасалды. Мұндай бір отаның орташа құны 4 млн теңгеден асады. Соның ішінде елордадағы балаларға 278 жоғары технологиялық ота жасалған.

[smartslider3 slider=152]

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалы баспасөз қызметінің дерегі бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтер диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерінің көмегімен жүргізіледі. Мұндай қыз­меттер көрсетілетін балаларда жиі кездесетін диагноздар – қан айналымы жүйесінің, генитурарлы жүйенің, ас қорыту жүйесінің, эндокриндік жүйенің аурулары және туа біткен ақаулар. Жыл басынан бері 198 бала кохлеарлық есту аппараттарын имплантациялаудың арқасында есту мүмкіндігіне ие болды, 172 пациент жүрек қызметін қалпына келтірді, 67 баланың несеп-жыныс жүйесі органдарына ота жасалды. Қазақстандық мамандар қан мен сүйек кемігінің онкологиялық ауруларын емдеу кезінде 22 аллогендік және 5 аутологиялық сүйек кемігін трансплантациялады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық дәрігерлердің оқуына және біліктілігін арттыруына ақы төлейді. Шетелдік мамандарды тарта отырып шеберлік кластар өткізу, бейінді отандық дәрігерлердің, яғни онкологтар, гематологтар, офтальмологтар, ангиохирургтер қазақстандық ауруханалар мен ҒЗИ-да енгізілетін жаңа технологияларды меңгеруіне, оларды үйретуге мүмкіндік береді. Биыл шеберлік класс аясында 8 балаға интраокулярлы ретинобластомамен селективті артериялық химиотерапия жүргізілді, бұл қатерлі ісіктерді емдеу­ге көмектесті. 5 балаға көмей және кеңірдек стенозымен түрлі реконструктивті операциялар жасалды, 1 балаға халықаралық тіркелімнен бағаналық жасушаларды жеткізу арқылы туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогенді транспланттау жүргізілді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button