БілімЖаңалықтарҚоғам

Адал ұрпақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёті басталды.

Слёттің мақсаты – қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне назар аудара отырып, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының мектептері арасында келесі номинациялар бойынша конкурстар өтеді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыппен TikTok қосымшасындағы үздік ролик;
  2. «Адал еңбек – жарқын өмір» тақырыбындағы үздік сурет;
  3. «Адал ұрпақ – қоғамдық тәртіп негізі» тақырыбындағы үздік таныстыру;
  4. «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбына үздік бейнеролик.

Аталмыш слёт аяқталғаннан кейін байқау номинацияларындағы жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталады. «Адал ұрпақ» ерікті клубтарының жиыны жыл сайын өткізіледі және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытуға және оқушылардың бойында парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button