Әлеумет

КЕЛЕШЕГІМІЗГЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК



42UjaWmk

Достық пен татулық, келісім мен бірлік сияқты адам сыйластығын білдіретін сөздер құлаққа жаттанды естілгенімен, шын мәнінде, орнықты қоғамның берік негізін қалайтын маңызды фактор екеніне көзіміз жетіп отыр. Біздің мемлекеттің қол жеткізген жетістіктерінің бастауында бүкіл қазақстандықтардың өзара достығы мен ынтымағы көрнекі жерден орын алуының басты себебі де осында. Әрбір азаматтың тең құқылығын этносаралық қарым-қатынастың негізгі қағидаты санайтын мемлекет саясаты алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданған Ата заңымызда жазылды. Онда «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп, этностар мен конфессиялар арасындағы келісімнің жаңа үлгісін жария етті.

Ата заңымыздың тағы бір артықшылығы – титулды және титулды емес халық деп қазақстандықтардың арасын ашқан жоқ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі ресми түрде қазақ тілмен тең қолданылады. Бұл өзге этнос арасында қолдау тауып, олардың жауапкершілігін арттырды. Жаңа заң қабылданған күннен бастап этностардың өз мәдениеті мен тілін, тарихын зерделеуге барлық мүмкіндік жасалды. «Әртүрлілік арқылы – бірлікке» деген біріктіруші қағидат жаңа мән-мағынасымен толықты.

Біздер, әртүрлі этностардың өкілдері, өскелең ұрпақтың болашағына алаңдамаймыз. Еліміздегі халықтар арасындағы достық пен бірліктің, тағаттылық пен төзімділіктің, өзара құрметтің салтанат құратынына сенімдіміз. Себебі, бұған біздің Конституциямыз кепілдік берген.

Салман ГЕРОЕВ,
«Вайнах» шешен-ингуш
этномәдени орталығының жетекшісі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button