Мәдениет

Көңілді көтерген Muz Fest



Астанада EXPO көрме кешенінің алаңында «Astana Muz Fest» ауқымды қысқы фестивалі қала тұрғындарының бос уақытын пайдалы өткізу үшін ұйымдастырылды.

Бір аптаға созылған спорттық іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары конькимен сырғанап, мүсіндер мен фотоаймақтар жанында суретке түсті. Аниматорлардың ойын-сауықтары мен ойындары, би жарыстары, арқан тарту, балаларды коньки тебуге үйрету, эстафеталар және т.б. ұйымдас­тырылады. Фестивальге келушілер іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықтар ұтып алады.

24-25 желтоқсан күндері балаларды қуантып, аниматорлар ертеңгілік өткізіп, кәсіби мамандармен коньки тебу үйретті.

Қысқы фестиваль соңында ұйымдастырушылар келушілер арасында ұтыс ойынын өткізді. Іс-шараның ажарын JanSax саксофоншысы, Нормат Досымханның тик-ток жұлдыздары, Mona Songz, Colorit орындаушылары және BIP House алматылық тик-токерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама кіргізді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button