Мәдениет

Рыбакина – чемпион!

Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өткен Дүние­жүзілік теннис лигасы (WTL) көрме турнирінде жеңімпаз атанды.

Турнирде Hawks командасы сапында өнер көрсеткен қазақстандық теннисші – бір жылдағы екінші ірі жеңісі. Естеріңізде болса, жыл басында Елена Рыбакина Уимблдон 2022 чемпионы атанып, айды аспаннан бір шығарған-ды.

Бүкіләлемдік теннис лигасы-­2022 финалында Hawks командасы Kites командасын 37:25 есебімен басым түсті.

Өз командасы үшін бірінші және маңызды ұпайды біздің теннисшіміз әкелді. Ол әлемнің бірінші ракеткасы Иги Свентекпен күш сынасып, нәтижесінде 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.

Дубай корттарында еліміздің бірінші ракеткасы бірде-бір кездесуде жеңілмеді. Осы турнирдегі алғашқы кездесуінде қазақстандық спортшы әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкодан басым түссе, одан кейін әлемдік рейтингтің 4-орындағы Кэролайн Гарсияны ұтты. Ал шешуші кездесуде WTA әлемдік рейтингінің көшбасшысы Иге Свентекті қапы қалдырды.

Сөйтіп, Елена Рыбакина үшін 2022 жыл табысты басталып, жемісті аяқталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button