Мәдениет

Жүгіргенге аяз да кедергі емес

Астанадағы Триатлон саябағында жыл сайынғы «Qysqy jugiru» жарысы өтіп, оған 230-дан аса адам қатысты.

Qysqy jugiru жарысының негізгі қашықтығы 10 шақырымды құрады. Қатысушылар 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары жас бойынша сынға түсті.

Мақсат – елордада бұқаралық спортты дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.

Мәреге жеткен әрбір қатысушыға финишорлық медалі табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Ұзақ қашықтыққа жүгіру төзімділікті, тыныс алуды дамытады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, адамның денсаулығын арттырады. Дәстүрге айналған «Qysqy jugiru» жарысының танымалдылығы артып, қатысушы адамдардың саны өсіп келеді, – деді Спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button