Жаңалықтар

«Көгілдір отынмен» жылытылады



Биылғы қыста елордадағы біраз жеке үйлер көгілдір отынмен жылытылады. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзі көріп, тұрғындармен кездесті.

– Қазіргі күні «Железнодорожный» – 100, «Промышленный» – 80, «Көктал-1» елді мекендері 70 пайыз газбен қамтылды. «Көктал-2» елді мекенінде екі көше ғана қалды. Бұл жұмыстар «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс» елді мекендерінде де жүргізілуде. Енді газ желілерін жеке үйлерге жеткізу жұмыстары «Көктал-1/2», «Железнодорожный», «Промышленный», «Агроқалашық» тұрғындары үшін (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шартты берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін Болашақ, 4/2 және Ж.Жабаев, 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды, – деді қала басшысы.
Сондай-ақ аталған елді мекендер, оның ішінде «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс» тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар.Тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. Күзде елордадағы №1-2 жылу электр орталығы «көгілдір отынға» ауыспақ.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button