Мәдениет

Колледж оркестрінің концерті



Қазақ ұлттық өнер университе­тінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу орны колледжі қазақ халық аспаптар оркестрінің есеп беру концерті өтті. Оркестрдің жетекшісі – аталмыш университеттің алғашқы түлектерінің бірі, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылып, күй атасы – Құрманғазының «Сарыарқасымен» түйінделген кеште жалпы жиырмаға тарта шығарма орындалды. Атап айтқанда, арасында күй анасы – Дина, Қазанғап, Ықылас, Дәулеткерей сынды халық күйшілерінің, Үкілі Ыбырай, Естай сияқты халық композиторларының, Мұқан Төлебаев, Нұрғиса Тілендиев секілді музыка майталмандарының туындылары болды.

Концертті тамашалаған Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары Раушан Мұсақожаева мен Орынбай Дүйсен репертуардың жақсы таңдалғанын, студенттердің техникалық шеберлігін атап өтті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button