Мәдениет

Команда жасақталды



«Алау» мұзайдынында Astana Open қалалық ашық чемпионатына елдің әр өңірлерінен келген 260-қа жуық үздік мәнерлеп сырғанаудан бақ сынады.

– Қалалық ашық чемпионат елордада үшінші жыл қатарынан өтті. Биыл жарысқа балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысты. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Ашық чемпионатына қатысуға Астана, Алматы қалаларымен қатар Қарағанды, Атырау, Қос­танай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысынан 260-қа жуық өтінім түскен. Жас конькимен жүгірушілердің өнерін жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалады. Бұл іс-шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетін болады, – дейді спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Чемпионат қорытындысы бойынша 16 мықты спортшы елорданың құрама командасына алынады.

– Мақсат – Астана қаласының құрама командасын жасақтау. 13-16 желтоқсанда үздік таңылғандар Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Сондықтан талантты, талапты спортшыларды таңдауға мән береміз, – деді Астана қаласының Мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира
Тұрғанова.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button