Жаңалықтар

Көпбалалы аналар қуанышы



Елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы «Бақытты отбасы» қанатқақты жобасымен бірге елорда тұрғындарына арнап мерекелік жиын өткізді.

[smartslider3 slider=1478]

 Тәуелсіздік күніне орайлас­тырылған жиынға елордалық көпбалалы аналар, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, еріктілер, қоғам белсенділері және әр салада жетістікке жеткен табысты қыз-келіншектер қатысты.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерді қолдау және ынталандыру, мемлекеттің негізі болып саналатын отбасын насихаттау мақсатында мемлекет қолдауына мұқтаж елордалықтарға арнап ерекше форматта мерекелік басқосу ұйымдастырдық. Аналарға қолдау білдіріп, рухани күш-жігер беру үшін әр салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдерді де шақырдық» дейді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Садыр. Аталмыш орталық қиын жағдайға тап болған елордалық тұрғындарға қол ұшын берумен айналысады. Қазіргі таңда орталықта 28 қызмет түрі көрсетіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button