Мәдениет

Күй күмбірлейтін күн



20-21 қазан күндері республикалық «Күй анасы» қорының бастамасымен, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Дина Нұрпейісова атындағы «Астана – күй қанатында» атты домбырашы-күйшілердің I қалалық байқауы өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – патриотизм­ді, рухани кеңістікті дамыту және балалар мен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру.

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Өтінімдерді 25 қыркүйектен 15 қазанға дейін мына электрондық поштаға жіберуге болады: aitolkyn_toktagan@mail.ru

«Күй анасы» респуб­ликалық қоры елордада «Күйшілер» аллеясының, Дина Нұрпейісова ескерткішінің, «Домбыра» инсталляциясының, Қазақ халқының 101 күйші мен күйші-композитолардың заманауи цифрлық (QR) ескерткіш тасының ашылуына бас­тамашы болған. Осы қор 2021 жылдан бері тұрақты түрде Құрман­ғазы, Жамбыл, Дина
Нұрпейісова ескерткіштері жанында жеті рет «Күй жәрмеңкесін» (күй жарысы) өткізіп, бірнеше әдеби-таным­дық кітап шығарды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button