Мәдениет

Астанаға арнау

Елордада 30 қыркүйекте ерекше ән кеші өткелі тұр. Баритон дауысты белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтің шығармашалық кеші Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.

Кешке маэстроның вокалдық өнердегі әріптестері, филармонияның камералық хоры мен симфониялық оркестрі қатысады. Концерт елорданың 25 жылдығына арналып, филармонияның жаңа концерттік маусымын ашады.

Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі Азамат Жылтыр­көзов – 2006 жылдан бастап бүгінге дейін Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академия­лық филармонияның солисі. Қазақ ұлттық өнер университеті вокал өнері кафедрасының профессоры ұзақ жылдар бойы «Астана Опера» театрының сахнасында да өнер көрсетіп жүр. Еліміздің жетекші театр­ларының сахнасында әр жылдары шырқалған опералық партиялар концертте орындалады. Азамат Жылтыркөзов симфониялық оркестр сүйемелдеуімен қазақ өнерінің аңызға айналған корифейлері А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан шығармалар,
Дж. Вердидің «Дон-Карлос» операсынан Родриго ариясын, П.Чайковскийдің «Иоланта» операсынан Роберттің ариясын, сондай-ақ Берт Кемпферттің «Strangers in the night», Ч.Биксионың «Parlami d’Amore» және «Мама», А.Зацепиннің «Гүл Алматым», «Тыңда», «Надо мной небо синее», ­М.Магомаевтың «Синяя вечность», Т.Мұхамеджановтың «Отан», И.Грибулинаның «Астана» әндерін орындайды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button