Қала мен Сала

Күшейтілген режимде жұмыс істеуде



Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері аудан әкімдіктерімен бірлесіп күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Елордада ұйытқып соққан қатты жел құрылыстарға зиян келтіріп, ағаштарды құлатып, белгілерді жұлып әкетті. Екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюі, кей тұстарда 23 м/с болды. Бүгінде апаттың салдарын жою және қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Боран соққан күні астанада 10 өрт оқиғасы, 12 авария­лық-құтқару жұмысы тіркелді.

Алматы ауданында сол күні 8 жол белгісі, 1 жарықтандыру бағанасы, 5 шам, қоршау және т.б. бүлінсе, Байқоңыр ауданында ауа райының қолайсыздығы кезінде 7 автобус аялдамасы опырылып, 6 қоршау зақымдалды. 6 ағаш құлады. Ал Сарыарқа ауданында екі қабатты үйдің шатыры бұзылып, «Школьная» мекемесінің электр энергиясы үзілді. Астана-АЭК арқылы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.

«MEGA Silk Way» сауда орталығының негізгі кіреберісінің жанындағы көшеде қатты желден жарнамалық баннер жұлынып, әйел адамның үстіне түсті. Ол №2 ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, жағдайы жақсы.

Нұра ауданында «Evolution» ТК, «Техникум» ТК құрылыс алаңдарында, Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында, Қабанбай батыр даңғылы, 29/4, Қорғалжын тас жолы, 20Б, Омаров көшесі, 21/1 және Тұран даңғылы, 57/1 мекенжайларында қоршауларды қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button