Sport

Луиш Филипе Виейра, «Бенфика» клубының президенті: «Астана» Eуропаны таң қалдырды



SUL_9054

Биыл тегеурінді ойынымен Еуропаның ең дүбірлі доп додасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен елордалық «Астана» осы аптада өз алаңында түркиялық «Галатасарай» командасын қабылдады.

Өте тартысты өткен футбол текетіресінде тең нәтиже тіркелді. Чемпиондар лигасының «С» тобындағы ең әлсіз команда деп есептелген «Астана» құрамында футбол жұлдыздары ойнайтын тәжірибелі «Галатасарайдан» алғашқы ұпайды тартып алды.
Есепті алдымен қонақтар ашты. Мачтың 31-минутында жойқын соққысымен Билал Киса ерекшеленді. Астаналықтардың екінші таймда қарқыны күшейе түсті. Фернандо Муслераның қақпасын айналшықтап жүріп, әрең дегенде бір гол салды. Гол автогол ретінде саналғанымен Жуниор Кабананганың еңбегін айтпай кетуге болмас. Осы есеп теңескен 77-минуттан бастап ойын жандана түсті. Негізгі уақыттың аяқталуына 4 минут қалғанда Ненад Еричтің қателігінен қонақтар есепті еселеп кетті. Алайда «Астана» соңғы секундтарға дейін берілмеді. 89-минутта Каньяс өзі ұйымдастырған шабуыл кезінде қақпашыдан кейін серпілген допты баспен қайтадан бағыттап, тең нәтижеге қол жеткізді.
Топтағы тағы бір қарсыласымыз португалиялық «Бенфика» клубының президенті Луиш Филипе Виейра «Астана» Eуропаны таң қалдырды. Ойынды тамашаладым, өте қызықты өтті. «Галатасарай» бір гол салған соң жеңеді деп ойлаған едім, бірақ «Астана» ойымды өзгертті. Шабуылдары тура үздік Eуропа командаларының шабуылдары секілді. Біраз таңырқай қарадым. «Бенфикамен» өткен ойында да соңғы минутына дейін күресті. «Астананың» болашағы бар, оған көзім жетті» деп таңданысын білдірді.
«Атлетико Мадрид» командасын өз жерінде жеңіп кеткен «Бенфика» «С» тобында 6 ұпаймен топ бастады. Екінші орында – 3 ұпаймен мадридтік команда. Ал, одан кейінгі орындарға 1 ұпаймен «Галатасарай» мен «Астана» командалары жайғасты.
Осы нәтижесімен «Астана» УЕФА Клубтар рейтингінде 14 сатыға көтерілді. Сондай-ақ, клуб қазынасы 500 мың евроға толықты. Еуропа Лигасының келесі мау­сымында Қазақстан кубогының иегері бұрынғыдай 1-іріктеуден емес, 2-іріктеу кезеңінен бастайды. Қазақстан кубогы финалында «Астана» мен «Қайрат» кездеседі.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button