Құқық

Мақсатымыз – заңға сай қызмет көрсету



Астана қаласы Әділет департаментінің бүгінгі таңда атқарып отырған қызметі сан салалы. Мәселен, мемлекеттік сот орындаушыларының атқарған жұмысына тоқталсақ, бірінші жартыжылдықта аумақтық бөлімдердің орындауына 2 253 атқару құжаты түсті. Бұл ақшаға шаққанда – 273 млрд теңге. Алты айлық тиянақты жұмыстың нәтижесінде 980 атқару құжаты бойынша іс жүргізу аяқталды, ал нақты орындалғаны – 675 іс, сомасы – 71,6 млрд теңге.

Биыл мемлекет пайдасына 157 мың теңгеге 677 іс өндіріліп, 11,5 млрд теңгеге 246 іс нақты аяқталды.

Департамент қызметінің тағы бір саласы – жеке сот орындаушыларының атқаратын жұмысы. Ағымдағы жылдың 6 айында 244 жеке сот орындаушысы 2,1 трлн теңгеге 543 701 істі қабылдады. Сондай-ақ жеке сот орындаушылары бірінші жартыжылдықта 88 071 істің нақты орындалуын қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде осы істер бойынша жалпы сома 27 млрд теңгеге жетті.

Жеке сот орындау­шыларының мемлекет пайдасына өндіруде 183 046 іс болды, олардың жалпы сомасы – 7,2 млрд теңге. Осы істердің ішінде аяқталғаны – 87 381 іс, өндірілген қаражат сомасы – 2,7 млрд теңге.

Жеке сот орындаушыларының қызметі тек мұнымен шектелмейді. Азаматтардың алимент өндіру туралы жазған шағымдарына орай борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын да қоса жүргізеді. Мәселен, алты ай ішінде борышкерлерге қатысты 198 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Соның нәтижесінде 169 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал алимент төлеуден жалтарған 14 борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

 Жеке сот орындаушыларының мемлекет пайдасына өндіруде 183 046 іс болды, олардың жалпы сомасы – 7,2 млрд теңге. Осы істердің ішінде аяқталғаны –  87 381 іс, өндірілген қаражат сомасы – 2,7 млрд теңге

Ал мемлекеттік тіркеуге тоқталсақ, соның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша 2023 жылдың 6 айында 597 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызмет көрсету мерзімінің сақталмау фактілері болған жоқ. Тек 292 заңды тұлғаны тіркеу­ден бас тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда азайды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостилдеуді қамтамасыз ету бойынша 2023 жылдың 6 айында 6 618 құжатқа апостиль қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 2023 жылдың 6 айында қаладағы аудандық АХАТ бөлімдері барлығы 26 060 акт жазбасын тіркеп, 36 055 елтаңбалы куәлік бланкілерін берді.

Мүлік иелерінің бірлестігі бойынша алты ай ішінде барлығы 67 бірлестік тіркелді. Осының нәтижесінде тіркелген мүлік иелері бірлестіктерінің жалпы саны 804 болды.

Департамент қызметінің тағы маңызды саласы құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсетуді қамтиды. Оның ішінде нотариаттық сала бойынша айтатын болсақ, 2023 жылдың 6 айында нотариустардың жалпы саны 808 адам болды. Олар азаматтардың арыз-шағымдарын қараудың нәтижелері бойынша Астана қаласының нотариаттық палатасына 42 ұсыну жіберді.

2023 жылдың 6 айында адвокаттардың жалпы саны 703 адамға жетті. Бұл күндері 1 аумақтық адвокаттар алқасы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 5 заң консультациясы кеңсесі, 11 адвокат кеңсесі бар.

Олардың кепілдік берілген заң көмегі бойынша атқарып отырған жұмыс­тары да ауқымды. Бүгін таңда мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсету үшін 135 адвокатпен, 36 заң кеңесшісімен келісім жасады. Осыған орай 2023 жылы тегін заң көмегін көрсету үшін рес­публикалық бюджеттен 207 000 000 теңге бөлініп, алты айда заңда көзделген 7 242 адамға тегін көмек көрсетілді.

Зияткерлік меншік құқығы бойынша 2023 жылдың 6 айында құқықтық түсіндіру жұмыс­тары туралы 39 іс-шара өткізілді.

Әрине, Департаментке жүктелген міндеттердің талапқа сай іске асырылуы, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету жолындағы міндеттердің жоспарлы түрде орындалуы кадрлық әлеуетке де байланысты. Осы мәселе күнделікті тұрақты назарда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесі де – Департаменттің тұрақты назарында. Осы мақсатта 2023 жылдың 6 айында 46 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 24 түсіндіру іс-шаралары, оның ішінде 7 семинар, 10 дәріс ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері тарапынан осы мәселе бойынша 5 мақала, 1 талдау және 1 бейнеролик әзірленді. Олардың бәрі Департаменттің ресми сайтына орналастырылды.

Азаматтарға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қорытып айтар болсақ, 2023 жылдың 6 айында 7 621 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз түрінде 7 345, электронды түрде 276 қызмет көрсетілгенін атап айтқан жөн. Биыл қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 78 %-ға көп. Атап айтатын болсақ:

– заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша – 597, электронды түрде – 7;

– апостиль қою бойынша – 6 618, оның ішінде электронды түрде 162 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар адвокаттық, нотариаттық қызметпен айналысу саласы бойынша қызмет көрсету түгелдей электронды түрде жүзеге асырылды.

Департамент нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша да белгілі бір жұмыстарды атқарып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылдың 6 айында келісуге 41 нормативтік құқықтық актінің жобасы келіп түсті. Олардың ішінде 18 нормативтік құқықтық акт тіркелді. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту жағдайлары болған жоқ.

Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде. Осының нәтижесінде тіркелген, өзгертілген, толықтырылған және күші жойылған нормативтік құқықтық актілер бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне уақтылы енгізіледі.

 Арман АҚЫЛБАЙ,

Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button