#Жаңа Қазақстан

Экономикалық дамудың төрт шарты

2023 жылғы Жолдаудың экономикалық басымдығы еліміздің теңгерімді дамуы үшін маңызды. Егер бұрын саяси реформаларға баса назар аударылса, қазір қалыптасқан саясатты экономикалық шаралармен теңестірген жөн. Өткен жылдары, әсіресе қаңтар оқиғасынан кейін саяси жүйені реформалау бойынша жүйелі шаралар қабылдау өте маңызды болды. Қазіргі таңда, жалпы алғанда, саяси салада белгілі бір ілгерілеушілікке қол жеткізілді деп айта аламыз. Енді бізге экономикалық бағытты жетілдіру қажет. Экономикамызда қордаланып қалған мәселелерді шешудің маңызы зор. Осыған байланысты биылғы Жолдауда жаңа экономикалық модельдің мақсат-міндеттері айқындалып, оған қол жеткізудің маңызды тетіктері көрсетілген.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төрт шарт орындалуы керек. Олар экономиканың дамуына қажетті серпін беріп, жыл сайын 6-7 пайыздық өсуді қамтамасыз етеді.

Бірінші шарт – экономиканың барлық субъектілерінің, ең алдымен, кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының нақты, түсінікті, ашық, әділ және ұзақ мерзімді «ойын ережелерін» қабылдау.

Екінші шарт – инфрақұрылымды дамыту және кәсіпорындарымызды шикізатпен қамтамасыз ету.

Үшінші шарт – бизнесті несиемен және инвестициямен қамтамасыз ету. Енді экономикамызды дамыту үшін банктердің қызметін жандандыруға қажетті қандай заңдарды өзгерту керек екенін қарастырамыз.

Төртінші шарт – ішкі нарықты жүйелі түрде қорғау.

Иә, біз Еуразиялық экономикалық одақтың және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесіміз. Алайда ДСҰ аясында да кәсіпкерлерімізді қорғаудың барлық заңды құралдарын қолданып жатқан жоқпыз.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button