#Жаңа Қазақстан

Құндылықтар сараланды

Ел тарихына үңілсек, көшпелі халықтың мақсат-­мүддесін ойлаған құрылтай дала саясатын дамытуға көп септігін тигізген, бағзы заманда Парламент пен Мәжілістің рөлін атқарды десек болады.

Президент былтыр Түркі­станда өткен кеңесте «Ұлттық құрылтай бұл арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған» деп жиынның мән-мағынасын түсіндірді. Одан соң ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, елді дамыту жолындағы жүйелі жұмыстарға тоқталды. Осылайша Ұлттық құрылтай әр саланың беткеұстары бас қосатын ашық диалог алаңына айналып үлгерді.

«Үшінші отырыстың Жа­йық жағасында өтіп жатқаны тегін емес. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құрылтайда көтерілген мәселелерге қысқаша тоқталсам, интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Балаларды кітап арқылы тәрбиелеу керек. Баспалардың жұмысы жанданады. Заманауи кітапхана салынады. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет. Шежірені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді жолы – ағартушылық. Алтын Орданың тарихы туралы деректі фильм түсіріледі. Елімізде кәсіби археологтар тапшы. Археология саласына қатысты заңдарды жетілдіру қажет. Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім арқылы жат діни ағымдарды қоғамға таңуға тырысып жүр. Бұл – құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл. Қыз алып қашу – мүлдем ақтау­ға болмайтын заңсыздық, қараңғылық. «Айбын» орденін даңқты батырлардың атымен атау ұсынылды.

Ләззат МҰРАТҚЫЗЫ,

Астана қаласы әкімдігі технология

колледжінің директоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button