#Жаңа Қазақстан

Наурыз тойы – берекенің бастауы

Наурыз мейрамы – ежелден келе жатқан жыл бастауы, жаңару мерекесі. Тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз – қай кезде де елдіктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Елімізді мекен еткен ұлыстардың өздеріне тән айшықтары мен өрнегі – баршамызға ортақ осы мерекенің сәні мен салтанаты. Жаны жабырқау жандарға жұбаныш болар қайырымдылық пен мейі­рімділік – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Наурыз мейрамы жаңа өмірдің бастауы десек, қайырымдылық істермен қатар бұлақ көздерін ашып, жер аяғы кеңейгенде тазалық жүргізіп, жасыл желек ағаштар отырғызуды, гүлзарларды, парктер мен скверлерді, әркім өз ауласының айналасын гүлмен көмкеріп, көгалдандыруды да қолға алуымыз қажет. Наурыз­ды тек көңіл көтеретін мереке деп қарамай, оның рухани болмысына терең үңілу керек, білімге, оқуға құштар болуымыз қажет. Жаңа жылдан, жаңа күннен жақсылық күтетін болсақ, ол жақсылықтар жайдан-жай келмейтінін білуіміз керек. Жайлы тұрмыс – тек нақты іс пен әрекеттердің, білім мен біліктің нәтижесі.

Бұл мереке – ақ тілектер мен жылы лебіздер айтылатын күн. Жаңару күніне еңбек адамы ретінде менің де ақ тілегім бар. Жаңа жылдың бастауы – Наурыз мерекесі туған жеріміздің топырағына құт-береке әкелсін! Көкжиектен көтерілген Күннің нұры әр отбасына бірлік пен қуаныш, бақыт пен молшылық әкелсін! Шәкірттеріміз білім нәрімен сусындап, отансүйгіштік рухтары мықты болуын тілеймін!

Ұлтымыздың ұлы­лығын паш етер Наурыз мейрамы құтты болсын! Елімізге, әрбір отбасына ырыс пен молшылық әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Отанымыз береке мен бірліктің ордасы болғай! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Айгүл ЕРЖАНОВА,

 Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»,

Азия чемпионы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button