Жаңалықтар

MCDONALD’S ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРАДЫ



АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ МЕН MCDONALD’S ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ. ӨЙТКЕНІ ЖЫЛДАМ ТАМАҚТАНДЫРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КОМПАНИЯ «ЭКСПО-2017» КЕЗІНДЕ ЕРІКТІЛЕРДІ ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРАДЫ.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, меморандумға қол қою – мемлекет пен бизнестің өзара әріптестігін арттыра түседі. Мәселен, компания халықаралық көрме кезінде Астана қаласы әкімдігінің 1500 еріктісін түскі аспен қамтамасыз етеді.
Ал аталған компанияның бас директоры Ленар Кутлин Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының үндеуіне бейжай қарай алмағанын тілге тиек етті. Яғни, McDonald’s әлеуметтік жауапкершілігі зор компания ретінде еріктілерді тамақтандыру үшін жалпы құны 50 миллион теңге болатын 46 мың купон бөліп отыр.
– Қазіргі таңда әлеуметтік-­экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттік басқару органдары мен кәсіпкерлердің тығыз байланысы болмаса еліміздің алдына қойған стратегиялық мақсаттарына жету мүмкін емес. Бұл серіктестік екі тараптың мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болады әрі ортақ мәселені шешуде бірігіп жұмыс істей алатындығын көрсетеді. Мәселен, «ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмесінде қызмет көрсететін 1500 ерікті аса маңызды шара кезінде еліміздің беделін көтереді. Сондықтан да біз еріктілерге жан-жақты жағдай жасап, оларға ерекше құрметпен қараймыз, – деді Л.Кутлин.

Серік ЖОЛДАСБАЙ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button