Жаңалықтар

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ МОЛ



5e3b06b03ba534372f45abcd63a

Елордада 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі VIII «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акция­сы өтеді.
Биыл акция «Балаларға бірге көмектесейік!» ұранымен басталмақ.

Тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде киім-кешек, оқу құралдарын сатып алуға мүмкіндіктері жоқ оқушыларға қолұшын созуды мақсат тұтқан іс-шара биыл жылдағыдан сәл өзгешелеу болмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Бірінші сыныпқа баратындарға алғашқы құрмет» іс-шарасы аясында тұрмысы төмен отбасылардың тұңғыш мектеп табалдырығын аттайтын ұл-қыздарына сыйлықтар әзірленіп, ал «Жомарт алақан», «Отбасынан – отбасына», «Баланы мектепке дайындаймыз» іс-шаралары аясында қаладағы ірі сауда үйлеріне контейнерлер қойылып, онда жоғарыда аталған әлеуметтік жағдайы төмен ата-аналарға берілетін заттар мен оқу құралдарын жинақтау жоспарланған.
Осыған байланысты алдағы 22-23 тамыз күндері мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
Себепсіз мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтер өткізіледі. № 7, 52, 76 орта мектептерде баланы мектепке орналастыру жөнінде заңгер мамандар кеңестер береді.

Сағи ОРАЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button