Жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРГЕ ТҮГЕЛ ЖЫЛУ БЕРІЛДІ



Астанада 5497 нысанның 4076-сы немесе 74 пайызы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Осының ішінде мектептердің барлығына жылу берілді. Бір балабақша мен бір колледжге белгілі себеппен жылу келген жоқ. Ал жалпы білім нысандарының 159-ынан 157-сі жылумен қамтамасыз етілді.
Әзірге жылуға қосылмаған «№35 Ертегі» балабақшасында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалар қазір бұл балабақшаға бармай отыр. Жұмыстар жоспар бойынша 1 қараша күні аяқталады. Көп бейінді колледжде де сәйкес шаруа қолға алынды.
Қаладағы 2310 көп пәтерлі тұрғын үйдің 2306-сы жылуға қосылды. 4 көп пәтерлі үй орталық­тандырылған жылуды қабыл­дауға дайын емес. Бұл үйлер Са­рыарқа және Есіл аудандарында орналасқан. Мәселен, Ақан сері, 16 мекенжайындағы «Медина» тұрғын үй кешенінде коллекторлар үзілген. Монтаждау жұмыстары аяқ­талған соң олар іске қосылады. Қазіргі таңда 5 блоктың 3-еуі іске қосылған. Өзге тұрғын үйлердің жылуға қосылмауының да осындай белгілі себептері бар.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button