Қала мен Сала
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізген мемлекеттік мекемелерді марапаттады.
Астана күні қарсаңында елордадағы үздіктер таңдалатыны – 2010 жылдан бері дәстүрге айналып отыр. Биыл да бас қаладағы аудандар, басқармалар, аумақтық органдар және кәсіпорындар арасынан үздіктер таңдалып, арнайы жүлделерге ие болды.
Үздіктерді таңдаған кезде, олардың жыл бойғы атқарған жұмыстары мен оларға деген тұрғындардың бағасына ерекше ден қойылды. Осы жылы таңдау нәтижесінде Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Салық департаменті және «Астанаэнергосервис» АҚ үздіктер қатарынан көрінді. Ал, «Үздік аудан» аталымында Есіл ауданы марапатқа ие болды.
Ғалым Қожабеков