Әлеумет

Мен үшін жаңа белес



Волонтерлікпен айналысуды бір жарым жыл бұрын бастадым. Өзіме жаңа өмір салтын таптым десем де болады. Бастағанда кездерде қатты қиындық  болған жоқ. Себебі жаратылысымнан ашықпын, адамдармен қарым-қатынасты жақсы көремін және жаңа белестерді бағындыруға әрқашан дайынмын.

Осы қасиетімнен де шығар, жыл ішінде Ұлттық волонтерлік желісінің координаторы атағына жеттім. Бұл менің атқарған енбегімнің жемісі деп ойлаймын. Осы жылдары әртүрлі бағыттағы волонтерлік жұмыстарды атқарып, өзімді сынап көрдім десе болады. Мысалы, эко-волонтерлік, әлеуметтік волонтерлік және іс-шаралық волонтерлік.

Координаторлардың атқаратын ісінің көп бөлігі іс-шараға дейін болады. Яғни, волонтерлерді тауып, топтастыра білу. Сіз медицина университетіне барып мемлекеттік іс-шараға волонтер талап етпейсіз ғой? Волонтерлерді керекті жерде іздеу, волонтер туралы ақпаратты жинақтайтын платформа (Google форма болуы мүмкін), оларға іс-шара туралы түсіндіру, атқаратын қызметтерін әр қырынан түсіндіру, іс-шараға байланысты барлық сұрақтарға жауап беру үйлестірушілердің және тимлидерлердің (әр бөлінген зонаның жауаптысы) қызметін анықтап, жауапкершілігін түсіндіру қажет.

Бір байқағаным, карантинге дейін волонтерлік туралы өзім де аса естімейтінмін. Волонтерлер көмегі карантин кезінде қатты байқалды. Қоғамның да бізге деген қарым-қатынасы жақсы. Бірақ кей жағдайларда халыққа кім екендігімізді түсіндіру қиынға соғады. Барлығы біле бермейді, тегінге жүрген еңбек көзі деп санайды.

Қазіргі таңда өзім волонтерлік ұйымда жұмыс істегендіктен жақсы білемін,  волонтер көмегі әрқашанда әр салада әр аймақта керек. Атап айтқанда, қарияларға көмектен бастап халықаралық марафондарға дейін.

Құралай ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

Ұлттық волонтерлік желісінің координаторы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button