Мәдениет

Тағамды қазақшалап топ жарғандар

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-­­прак­тикалық орталығының дәстүрлі «Қазақша мәзір» республика­лық байқауы жеңімпаздары анықталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов шараның басты мақсаты тағамтану саласының терминдері мен ас мәзірі атауларына жалпы сипат беру, олардың қолданысын жүйелендіру мен қазақшалаудың ұтымды механизмін іздестіру арқылы кәсіби терминшілер легін қалыптастыру екенін атап өтті.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 31 үміткер қатысты. Жүлдегерлерді филология ғылымдарының докторы, академик Шерубай Құрманбайұлы бастаған қазылар алқасы анықтады.

Алғашқы «Термин талқы» іріктеу кезеңінде қатысушылар теrmincоm.kz сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, өз пікірі мен ұсынысын жазды. Келесі «Термин зерде» кезеңінде тағамтану саласы терминдерінің ішінен 15 терминді таңдап, үлгіге сәйкес сараптама жасаса, бұдан соң «Мәзіріңіз әзір ме?» кезеңінде қоғамдық тамақтану орындарындағы 5 ас мәзірінің қазақ тіліндегі қолданысына талдау жасап, өз нұсқаларын ұсынды. Ең соңғы «Термин-тезис» кезеңінде үміткерлер тағамтану саласы немесе ас мәзірін қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша тезис әзірледі.

Бас жүлдені Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова жеңіп алды. І орынға ­Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Дана Талғатбек ие болды. ІІ орын Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенев университетінің магистранты Балнұр Балтабайқызының қанжығасына байланса, ІІІ орынды көкшетаулық Шолпан Махамбетова мен «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Қалиакбар Үсемхан өзара бөлісті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button