Жаңалықтар

Мереке күндері қалалық қызметтер күшейтілген режимде қызмет етеді



Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елорда күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу бойынша жиын өткізді. Жиын барысында қала басшысы мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды.

праздник

Мереке күндері құқық қорғау органдары мен барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде мерекелік шаралар өтетін жерлерде бақылауды күшейту қажет екендігі атап өтілді. Қала басшысы тиісті органдарға учаскелік инспекторлардың тіркелген аумақтарында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары олардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қорғалатынына сенімді болуы керек», – деді Ә. Исекешев. Әкім шаралар өтетін орындарда сауда нысандарын орналастыру мәселелеріне жеке тоқталып, мереке күндері халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді тапсырды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button