Елорда тынысы

Мерекеде ағаш отырғызды



Бас прокуратураның Құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары Республика күнін мерекелеуге орай қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар экологиялық іс-шара ұйымдастырды.

Елорданың Ботаникалық бағында комитет төрағасы ­Сәбит Нұрлыбай Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаевпен бірге қарағай ағаштарын отырғызды.

– Экологиялық даму және қоршаған ортаны қорғау – еліміз үшін маңызды міндеттің бірі. Сондықтан «Жасыл талдар» шарасы барлық азаматтар арасында жақсы дәстүрге айналуы тиіс, – деп Сәбит Нұрлыбай қатысушыларға алғысын білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі ­Асылбек Есенбаев әр азаматтың елорда келбетін сақтап, дамытуда осындай экологиялық іс-шараларға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Мұндай акцияларды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орган­дары әкімдіктермен бірге еліміздің бірқатар басқа өңірлерінде ұйым­дастырды. Қалалардың көшелерін және әкімшілік ғимараттардың аумақтарын тазарту бойынша сенбіліктер өткізілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button